Казахский язык и литература Қазақ тілі 1 / 70 Ресми стильге жататын қатарды көрсеріңіз. Қоғамдық – саяси әдебиет. Ғылыми шығармалар. Газет – журнал тілі. Өтініш, сенімхат, қолхат. Көркем шығарма. 2 / 70 Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз. Көп нүкте. Сызықша. Үтір. Қос нүкте. Дефис. 3 / 70 «Әлде» сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын көрсетіңіз. Әлде ( адам), әлде (мал). Әлде (көп), әлде (аз). Әлде(кім), әлде (қашан). Әлде( кісі). Әлде( он), әлде ( жиырма). 4 / 70 Сауатты жазуды ретке келтіретін сөздікті табыңыз. Терминологиялық сөздік. Орфографиялық сөздік. Орфоэпиялық сөздік. Синонимдік сөздік. Аударма сөздік. 5 / 70 Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. От. Кітап. Шаш. Өзек. Қазы. 6 / 70 Қатыстық сын есімді табыңыз. Ашушаң. Жақсы Әдемілеу. Қап - қара. Жаманырақ. 7 / 70 Омоним сөзі бар сөйлемді табыңыз. Биік тау алыстан көрінеді. Жамбыл аулының малы. Бір кезде Әбіш Тәкежанды сұрады. Айтыста мектеп оқушылары айтысты. Ол шешесінен хат алды. 8 / 70 Сөйлемдердің арасында қандай тыныс белгісі қойылмаған, дұрысын белгілеңіз. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берікболмақ керек екінші – сол нәрсені көргенде я естігенде ғибраттану керек көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғыну керек үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Көп нүкте. Қос нүкте. Нүктелі үтір. Үтір. Нүкте. 9 / 70 Антоним сөзі бар мақал – мәтелді табыңыз. Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың. Адал достық алтыннан да қымбат. Татулық – табылмас бақыт. Ашуың келсе, қолың тарт. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. 10 / 70 Техникалық әдебиетті қай қатарға жатқызамыз? Ресми тіл. Ауызекі тіл. Публицистика тілі. Ғылыми тіл. Көркем әдебиет тілі. 11 / 70 Қандай тыныс белгісі жетпейтұр, белгілеңіз. Отыз алтыға бөлінеді. Қос нүкте. Дефис. Үтір. Сызықша. Нүктелі үтір. 12 / 70 Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз. Арманды. Балаға. Үшінші. Қарашашпен. Ертегіміз. 13 / 70 Қазақша аударылған кірме сөзді табыңыз. Кебеже. Ақа. Диалект. Тікұшақ. Хан. 14 / 70 Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз. Он бес. Көкпеңбек. Ала жаздай. Үлкен – қіші. Жалт қарады. 15 / 70 Антоним сөзді табыңыз. Моншақ – моншақ. Жуан - жіңішке. Сарт - сұрт. Майдан – соғыс. Анда - санда. 16 / 70 Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Ала өкпе болу. Вокзал алаңы. Ағайыншыл адам. Алтын күн. Хат жазу. 17 / 70 Жинақтық сан есімді анықтаңыз. Үштік. Үштен бір. Үшінші. Үшеу. Үш - үштен. 18 / 70 Көсемшені көрсетіңіз Бару Жазып Келмек Айтар Көрген 19 / 70 Қазақ тілінде неше дауысты дыбыстар бар екенін көрсетіңіз 12 14 11 10 16 20 / 70 «Гөрі, үшін, сайын» шылаудың қай түрі екенін белгілеңіз. Жіктік. Демеулік. Тәуелдік. Септеулік. Жалғаулық. 21 / 70 Сөйлеушінің біреудің сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз. Қаратпа сөз. Автор сөзі. Төл сөз. Қыстырма сөз. Төлеу сөз. 22 / 70 Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары қалай жазылатынын белгілеңіз. Бөлек. Қайталану арқылы. Бірге. Қосарлану арқылы. Дефис арқылы. 23 / 70 Дауысты дыбыстардың үндесуін не дейміз, белгілеңіз. Орфография дейміз. Екпін дейміз. Дыбыс үндестігі дейміз. Сингармонизм дейміз. Орфоэпия дейміз. 24 / 70 Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз. Өзі, өзіміз. Өзіне, өзіңізбен. Өзім, өзіңіз. Өзерің, өзіңсің. Өздеріміз, өздеріңіз. 25 / 70 Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз. Тұратынсың. Тұрарсың. Тұрмын. Тұрасың. Тұрғанмын. 26 / 70 «Кейде» жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екнін көрсетіңіз. Қарсылықты салалас. Талғаулы салалас. Себеп – салдар салалас. Кезектес салалас. Ыңғайлас салалас. 27 / 70 Үтір қайсысына тән, табыңыз. Менің ойымша, бағытыз дұрыс. Төл сөз. Қыстырма. Одағай. Бірыңғай мүше. Қаратпа. 28 / 70 «Көзді ашып - жұмғанша» тұрақты сөз мағынасын белгілеңіз. Момын. Жай жүру. Лезде. Алыс жер. Әдемі. 29 / 70 Қаратпа сөзді табыңыз. Алма, алманы әкел. Амал қанша, осылай болды. Сөйтіп, ол Домалақ ана аталды. Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз? Немене, риза емеспісің? 30 / 70 Себеп – салдар салаластың шылауларын табыңыз. Дегенмен, әйтсе де, ал. Өйткені, сондықтан, сол себепті. Сондықтан, және, әрі. Немесе, бірде, кейде. Өйткені, сол себепті, бірақ. 31 / 70 Ілгерінді ықпалды табыңыз. Теңізші. Қызылорда. Есалаң. Итбалық. Асқазан. 32 / 70 Күшейткіш үстеулі тіркесті табыңыз. Ілгері жүр. Ертең барады. Онша жараспайды. тез келді. Тым биік. 33 / 70 Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз. Сіз. Олар. Мен. Біз. Сен. 34 / 70 Астарлы, бейнелі, экспессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз. Көркем әдеби стиль. Ғылыми стиль. Публицистикалық стиль. Ауызекі стиль. Ресми стиль. 35 / 70 Еліктеу сөзден болған қайталама қос сөзді табыңыз. Ұзынды - қысқалы. Сұлу жүзді. Жарқ - жұрқ. Емін - еркін. Жапа - тармағай. 36 / 70 Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз. Ұлпан бүгін көілді. Шыдай алмай далаға шығып кеттім. Көлбең - көлбең етеді. Қызық еді Аянның мінезі. Көшеде біреу кетіп барады. 37 / 70 Атаулы сөйлемді табыңыз. Бізге уақытты ұту керек. Ауа желсіз екен. Жарыс жалғаса берді. Сайын дала. Баламен ойнады. 38 / 70 « Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықтаңыз. Күшейткіш. Сұраулық. Болжалдық. Лепті. Шектік. 39 / 70 Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз. Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты, тушаны – бәрін көруге болады. Құмалас сөйлем. Бірыңғай толықтауыш. Оқшау сөз. Айқындауыш. Қымтырма сөз. 40 / 70 Жалпы есім қатарын анықтаңыз. «Жас Алаш», «Парасат». Айна, Гүлдария. Әйгерім, Батыр. Көпір, Ертіс. Қала, көше. 41 / 70 Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз. Қайшы, қайшылау, қайыр. Асыл, жасық, сасық. Қама, қала, қалың. Азайту, алу, кеміту, шегеру. Оңтістік, солтүстік. 42 / 70 Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз. Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, - ашылмайды. Есіктің киізін олай итерем – былай итерем, ашылмайды. Есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды. Есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды. Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды. 43 / 70 Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуіш сөзді сөйлемді табыңыз. Асығып тез аттандық. Ырғалып қарқ етті, ірімшік жерге салп етті. Дала жым – жырт. Баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас. Қазандағы ет бүлк – бүлк қайнады. 44 / 70 Жақсыз сөйлемді табыңыз. Боран да басылды. Досын көрді. Күн жылына бастады. Жәрдемшіге хабар айтуға болады. Жүзін шырамытатын сияқты. 45 / 70 Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз. Қала, астана, аймақ. Бау, бақша, егін. Дәреже, абырой, көрнекті. Ас, тамақ, тағам, дәм. Жоғары, төмен, аласа. 46 / 70 Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз. Үтір. Нүктелі үтір. Дефис. Қос нүкте. Сызықша. 47 / 70 Қаратпа сөзді табыңыз. Пұшайт - пұшайт, қозым, қоңырым. Бәсе, бұл – соның ісі. Біріншіден, айтатын ойыңызды сралаңыз. Сенің ойыңша, келешек туралыойламау керек пе? Әуелі адамды түсіне білейік. 48 / 70 Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз. Алтынсары қадалған.........., оның кескіні құбыла бастады. Қарай. Таман. Тарта. Сайын. Туралы. 49 / 70 Толық мағыналы ең кем дегенде 2 сөз, бірі екіншісіне бағына байланысатын, қатынас негізінен зат, құбылыс жайында түсінік алушылыққа тән қатарды көрсетіңіз. Сөз. Сөйлем. Дыбыс. Сөз тіркесі. Буын. 50 / 70 Тірек сөздің мағынасын нақтылап, даралық сипат беретін атауын табыңыз. Күрделі сөз. Дара сөз. Буын. Бағыныңқы сөз. Басыңқы. 51 / 70 « Қауқар» сөзінің мағынасын табыңыз. Іші - сырты. Күш, қуат. Әлсіз, нәзік. Үлкен, зор. Суық, ызғар. 52 / 70 Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз. Рабиға біресе, маған біресе Әмірге қарады. Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады. Рабиға біресе, маған, біресе, Әмірге қарады. Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады. Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады. 53 / 70 Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз. Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды. Балалық шақ... Қазір сабағыңды жақсылап оқысаң, ертең «5» аласың. Бүгін жаңа ай туды Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды. 54 / 70 Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз. Көрмес түйені де көрмес. Көрмес түйені – де көрмес. Көрмес түйені де – көрмес. Көрмес – түйені де – көрмес. Көрмес – түйені де көрмес. 55 / 70 Қосарлану арқылы жасалған сөзді табыңыз. Ашудас. Жезтырнақ. Құрбы – құрдас. Көкшіл. Қазақтың тілі. 56 / 70 Етістіктің шағы қанша түрге бөлінетінін көрсетіңіз. 8 2 3 7 9 57 / 70 Толықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді табыңыз. Әдептіге елікте. Әдепті бала. Әдепті сөйле. Әдепті екен. Сөзі әдепті. 58 / 70 Сөз жасаушы жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін көрсетіңіз. Білек. Білімсек. Білгіш. Білгер. Білгек. 59 / 70 Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз. Тоғыз. Бір. Жүз. Төрт. Сегіз. 60 / 70 Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз. « Бурабай көклінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен « Бурабай» дейді. Жалаң. Жақсыз. Атаулы. Толымсыз. Жақты. 61 / 70 Көңіл - күй одағайын табыңыз. Әрине. Кә - кә. Рас. Әттеген - ай. Демек. 62 / 70 Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз. Ү, А, Ө, Э. Е, И, І, О. У, Ә, І, Ұ. А, Ә, Ө, Е. О, Ы, Э, І. 63 / 70 Төл сөз азат жолдан басталғанда қойылатын тыныс белгісі. Сызықша. Қос нүкте. Дефис. Тырнақша. Көп нүкте. 64 / 70 Негізгі сын есімді көрсетіңіз. Тұсаулы. Биік. Табыскер. Білгіш. Шаруақор. 65 / 70 «Бас - басына», « өзді - өзі» - қос сөздерінің білдіретін мағынасын табыңыз. Бөлшектеу, саралау. Жинақтау мәні. Қайшы мәнді. Мәндес сөздер. Көптік мәнді. 66 / 70 Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін табыңыз. Толықтауыш. Айқындауыш. Баяндауыш. Пысықтауыш. Анықтауыш. 67 / 70 Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсетіңіз. Жүзі бал – бұл жанып ол былай деді: - Мен сізге қонаққа келдім. - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол түрі бал – бұл жанып. Жүзі бал – бұл жанып: - Мен сізге қонаққа келдім, - деді ол. Жүзі бал - бұл жанған ол өзінің қонаққа келгенін айтты. – Мен, - деді ол түрі бал – бұл жанып, - сізге қонаққа келдім. 68 / 70 Архаизм сөзді табыңыз. Шаңырақ. Маржан. Бетеге. Саяжай. Адырна. 69 / 70 Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кезедседі? Көркем әдебиет. Ауызекі. Іс - қағаздар. Ғылыми. Публицистика. 70 / 70 Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз. Нүктелі үтір. Нүкте. Қос нүкте. Көп нүкте. Үтір. Ваша оценка Перезапустить викторину