Өнер эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі, өнер адамның рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуымен әсер етеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қол өнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді, рухани сән –салтанатымызды, болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте – бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан – жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Мақаланы жазу барысында орта мектепте білім беру жүйесінде көркемдік талғамды қалыптастыруда сәндік – қолданбалы өнердің тәлімдік, танымдық мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор екендігі айқындалды. Осы орайда: – жас ұрпаққа ұлттық сәндік – қолданбалы өнердің тәлімдік әсерін тиімді пайдалану арқылы мектеп оқушыларының көркемдік талғам өрісін дамыту мәселелерін тәжірибе жүзінде зерттеудің жолдары мен әдіс – тәсілдері белгіленді; – сәндік – қолданбалы өнерді қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық негіздері қарастырылып, көркемдік талғамның қалыптасуына ықпал ететін түрлі психикалық процестердің өзара мәндік байланысы айқындалды. Қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік рөлі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығы мен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлерімен сабақтастығынан көрінеді.